Бақытжан Сағынтаев экономикалық өсімнің қарқынын төмендетпеуді тапсырды

680

Бақытжан Сағынтаев экономикалық өсімнің қарқынын төмендетпеуді тапсырды

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылап, Қазақстанда ЖІӨ-нің (3%) көрсеткіші оң екенін айтып, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық өсімнің қарқынын төмендетпеуді тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев бұл көрсеткіш жақсы бастама екенін, алайда бірінші тоқсандағы жетістік немқұрайдылыққа себеп болмауы тиіс екенін айтты.

Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы үкіметтің алдына орташа мерзімді перспективада 5% өсімді қамтамасыз ету міндетін қойғанын еске салды. Осыған байланысты премьер-министр барлық министрлік пен аймақтағы әкімдіктерге экономикалық өсімнің қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу