Үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басшыларының қатысуымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы аясындағы несиелік тұрғын үй құрылысы үшін Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарын қаржыландыру шаралары, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары қаралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу