Бақытжан Сағынтаев: ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз

855

Бақытжан Сағынтаев: ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз

Биылдан қалмай ЭКСПО аумағында IT-хаб өз жұмысын бастайды. Бұл туралы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды almaty.tv. 
"ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз. Ол туралы шешім қабылданды, заң шығарылды. Ағылшын құқығындағы Астана халықаралық қаржы орталығы туралы конситуциялық заң қабылданды, біздің IT-хаб осы орталыққа қосылды. Біз оған әлемнің дарынды адамдарын тартқымыз келеді. Сонымен қатар, біз киберқауіпсіздік туралы ұмытпауымыз керек. ЕАЭО мәселесіне келгенде біз келісімді әзірлеу барысында экономика құру саласында ғана интеграция орнатуға келіскенбіз. Елбасы мемлекеттің жоғары жетістіктерге  жетуі үшін былтыр арнайы жоба да бекіткен еді", - деді Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу