Бақытжан Сағынтаев General Electric компаниясының өкілдерімен кездесті

680

Бақытжан Сағынтаев General Electric компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық технологиялар жөніндегі вице-президент Уилиям Ру басшылық еткен General Electric компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында компаниямен ел экономикасының түрлі салаларында цифрландыру бойынша перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Айта кетсек, General Electric — өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы. Компания Қазақстанда көптеген жыл бойы көліктік машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, авиация, сондай-ақ, мұнай-газ салаларында қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда GE "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры, "ҚТЖ", "ҚазМұнайГаз", Air Astana, Kaz Minerals және ERG-мен серіктестікте маңызды инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қатысып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу