Еліміздің Грузияға құйған инвестициясы 406 миллион доллардан асты

781

Еліміздің Грузияға құйған инвестициясы 406 миллион доллардан асты

Бүгін Астана экономикалық форумы аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Грузияның вице-премьер-министрі – сыртқы істер министрі Михеил Джанелидземен кездесу өткізді.

Кездесу барысында энергетика, көлік және логистика, туризм, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру салаларында екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, жаңа бағыттарда өзара тауар айналымын кеңейту, химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруалышығы салаларында қазақстандық өңделген және шикізат өнімдерінің, сондай-ақ қазақстандық астық экспортын ұлғайту мәселелері талқыланды. Екі мемлекеттің мемлекеттік органдары, өңірлері мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, грузин компанияларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысуы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Соңғы 12 жылда Грузия экономикасына салынған қазақстандық инвестициялардың көлемі $406 млн-нан асты, Грузиядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $45,9 млн құрады.

Қазақстандық компаниялар "Грузия темір жолдарына" электровоздар және Тбилисидегі автобус паркін жаңартуға қазақстандық автобустарды жеткізуге дайын. Kazakh Export Грузияға экспорттық-сақтандыру бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді сауда қаржыландыруын және өзара тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынады.

Айта кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 56,4%-ке артып, $64,3 млн құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу