Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен бизнес ортаны дамыту жайын талқылады

758

Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен бизнес ортаны дамыту жайын талқылады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев үкімет саясаты еліміздегі экономикалық өсімді қозғаушы күшке айналуы тиіс, бизнес позицияларды нығайтуға негізделгенін айтып өтті.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жолында жұмыстың атқарылғанын, соған орай Қазақстанның үш облысында мемлекеттік сатып алу кезінде қазынашылық сүйемелдеудің пилоттық жобасы енгізілетінін хабарлады. Бұл құрылыс сапасын арттыруға және іске асырылатын жобаларға отандық кәсіпорындардың қатысу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге қазіргі уақытта орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері пысықталып жатыр. Ол дәл өлшемді бекітіп, рәсімдердің айқындығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ премьер-министр кәсіпкерлерге сатып алудың ІТ-платформасы құрылатынын айтты. Ол бизнеске өз өндірісін тиімді жоспарлап, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ортақ сатып алуына қолжетімділіктің бірыңғай орны.

Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н. Сақтағанов және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйледі, соның ішінде "Атамекен" палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры И. Шацкий, "Алматы желдеткіштер зауыты" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы М. Баққұлов, Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының президенті Е. Садықов және "ЕСКО" ЖШС директоры А. Шмарин бар.

Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптің түрлі саласында мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту жөніндегі өз ұсынысын айтты.

Жалпы Бақытжан Сағынтаев үкімет жүйелі негізде кәсіпкерлікті жетілдіру мен бизнестің іскери белсенділігін ынталандыру жұмысын жүргізіп жатқанын айтып өтті. Осы орайда еліміздің әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамтуды ұлғайту жұмысы жалғасады. Бұдан өзге кәсіпкерлерге қаржылық және заңнамалық қолдау көрсету шаралары ұсынылады. Үкімет бизнес шығынын қысқарту мен қайта реттеу жұмысын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу