Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы БҰҰДБ мен Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев БҰҰ тұрақты үйлестірушісі – Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимасо Шимомурамен және Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннеллимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елдің бағдарламалық құжаттары мен БҰҰ даму мақсаттарының үндестігін ескере отырып, Қазақстан халқы өмірінің жоғары сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштеріне қол жеткізу және әдістеме енгізу мәселелері қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу