Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Нидерланды патшалығының төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесу өткізді, деп хабарлады pm.kz.
Кездесу барысында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалық бағыттары талқыланды.
"Біз Қазақстанның индустриялды-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларына Сіздің елдің жетекші компанияларының қатысуына ниет білдіреміз. Голландтық өнеркәсіп технологиялары, алдыңғы қатарлы ноу-хау мен инновациялар ерекше қызығушылық танытады", – деді Бақытжан Сағынтаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу