Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

714

Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық инвестициялық форумына қатысып, "Қазақстан жаңа сын-тегеуіріндерді қарсы алады" пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев  Қазақстанның жаңғыруының үшінші толқыны бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды.

"2017 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады. Бұл орайда, шикізаттық емес секторлардың үлесі өсімнің 2/3 жуығын қамтамасыз етті. Демек, бұл Қазақстан экономикасы шикізаттық емес секторларға көбірек арқа сүйей бастады дегенді білдіреді. Doing Business халықаралық рейтингінде 2017 жылы Қазақстан 36-орынды иеленді. 6 индикатор бойынша позициялар жақсартылған. Миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша еліміз 1-ші орында. 2017 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы $20,8 млрд құрады. Бұл көлемнің төрттен бір бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Ол $5,2 млрд құрайды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштерден 27%-ға жоғары", - деді премьер-министр.

Жалпы шикізаттық емес секторға барлық шетелдік инвестициялардың 50%-ға жуығы бағытталған.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша оң динамика биыл да сақталып отыр. 2018 жылдың 5 айының ішінде ірі инвесторлармен 69 жаңа жобаны іске асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді, оның ішінде Қытайдан, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, ЕО және басқа да елдерден 10 ТҰК-мен келісімдер бар.

Жалпы сомасы $27,7 млрд құрайтын 51 жобаны қамтыған қазақстандық-қытайлық индустриалдық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр.

2018 жылы жалпы сомасы $3,9 млрд барлығы 54 жоба аяқталады. Сонымен қатар құны $6,8 млрд болатын 63 жобаның құрылысы басталады.

"Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мұнайхимия саласында газды тереңінен өңдеу және полиэтилен мен полипропилен өндіру бойынша жобаларды пысықтап жатыр. Серіктестерінің бірі — БОРЕАЛИС австриялық концерні. Біз басқа инвесторларды да осы жобаларға қатысуға шақырамыз", - деді ол.

Сондай-ақ Сағынтаев Қазақстанда жұмыс істеуге шешім қабылдаған инвесторлар үшін қандай жеңілдіктер жасалғанын атап өтті.

"Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақыра отырып, үкімет сіздерге қаражаттарыңызды салып қана қоймай, елде баламасы жоқ өнімді; жаңа нарықтарға экспортқа шығару үшін брендке айналуы мүмкін өнімді өндіруді ұсынады", - деп қосты үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу