Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында Қазақстандағы инвестициялық ахуалға және зияткерлік меншікке қатысты мәселелер талқыланды.
Еске сала кетсек, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ҚЕБҚ) еуропалық компаниялар және Еуропалық одақ делегациясының бастамасымен 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. ҚЕБҚ өз құрамына 150-ден астам компанияны біріктірді: әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропадағы және әлемнің басқа елдеріндегі дипломатиялық миссиялар (www.eurobak.kz).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу