Бақытжан Сағынтаев кешенді экспорттық стратегия қалыптастыру жөнінде кеңес өткізді

674

Бақытжан Сағынтаев кешенді экспорттық стратегия қалыптастыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет үйінде мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа жолдауын іске асыру аясында кешенді экспорттық стратегияны қалыптастыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүшелік етуі аясындағы талаптарды ескере отырып әзірленген және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған "Ұлттық экспорттық стратегия" экспортты дамыту жөніндегі бағдарламасының жобасы талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға, сонымен қатар келісілген түрде "Атамекен" КҰП-қа бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу