Бақытжан Сағынтаев Кореяның бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті

739

Қазақстандағы оңтүстік кореялық инвестицияның 10 жыл ішіндегі (2008-2017 жылдар) көлемі 4,5 млрд астам АҚШ долларын құрайды.

Бақытжан Сағынтаев Кореяның бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті

 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Кореяның бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Кездесу кезінде сауда- экономикалық қатынастарды дамыту, мәдени- гуманитарлық байланыстарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Оңтүстік Корея Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестерінің қатарына енген. Қазақстандағы оңтүстік кореялық инвестицияның 10 жыл ішіндегі (2008-2017 жылдар) көлемі 4,5 млрд астам АҚШ долларын құрайды.

Алматыда корейлік капиталмен сауда, медицина, құрылыс, телекоммуникация салаларында 320 кәсіпорын жұмыс жасайды.

Бақытжан Сағынтаев Алматыда іскерлік байланысты нығайту үшін ашылған корейлік сауда және инвестициялар жөніндегі (KOTRA) агенттік өкілдігінің маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті. Биылғы жылдың 5 пайы ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 5,5% құрады.

Алматы әкімі қалада сервисті, мұнайға қатысы жоқ экономиканың қалыптасқанын атап өтті. Көтерме сауданың тең жартысы Алматыға тиесілі.

Экономиканың 40%-ын шағын және орта бизнес береді, еңбекпен қамтылған 10 адамның 7-уі осында жұмыс істейді.

Алматы қаржы және экономикалық орталық ретінде жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Қалада ШОБ 185 мыңнан астам субъектілері бар,Индустриалды аймақ және "ПИТ" АЭА жұмыс жасауда, инвестициялық жобалар үшін бірқатар преференциялар мен жеңілдіктер қарастырылған. Биыл Индустриалды аймақта Hyndai зауытының құрылысы басталды.

Инфрақұрылым мен көлік саласында байланыс дамуда. Өткен жылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жүйесіне Алматыны тоғыстыратын БАКАД құрылысы басталды. Құырылыс жұмыстарына Оңтүстік Кореяның SK Group, Korea Expressway Corporation компаниялары қатысуда. Бұлардан өзге, электрлі жылжымалы составтарды жеткізетін Hyundai Rotem мен Алматы метрополитені арасында келісім жасалған.

Қала басшысы денсаулық сақтау, мәдени- гуманитарлық салалар бойынша өзара байланысты нығайту мәселелеріне де тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу