Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

784

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қостанайға келгеннен кейін Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған "Қостанай" жаңа спорттық–ойын-сауық кешеніне барды.

Аралау барысында премьер-министрге Қостанай облысындағы МЖӘ жобаларының ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берілді. Қазіргі таңда өңірде 65 МЖӘ жобасы іске асырылу және жоспарлау сатысында тұр, 20 жоба бойынша келісімшарттар жасалған, 39-ы — конкурс сатысында және 6 жоба бойынша құжаттама дайындалып жатыр.

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу