Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Катар мемлекетінің елшісі Ахмад Ат-Тамимимен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу қатысушылары сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту және нығайту, катарлық делегацияның Халықаралық мамандандырылған ЭКСПO-2017 көрмесіне қатысуы мәселелерін, сонымен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) аясындағы екі елдің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады. Басты назар Ислам ұйымының Астанадағы штаб-пәтерімен бірге ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        