Бақытжан Сағынтаев ҚР энергетика министріне сөгіс беру үшін елбасына ұсынысхат жолдайды

999

Бақытжан Сағынтаев ҚР энергетика министріне сөгіс беру үшін елбасына ұсынысхат жолдайды

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында  Бақытжан Сағынтаев ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жағармай тапшылығына байланысты ахуалды реттей алмағаны үшін сөгіс жариялау туралы ұсынысхат енгізетінін айтты, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.

"Біріншіден, Үкімет мүшелеріне ықпал ету тәртіптік жазаларын ел президенті қабылдайтын болғандықтан мен бүгін мемлекет басшысының атына Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсынысхат енгіземін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, премьер-министр "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаевқа міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілетінін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу