Бақытжан Сағынтаев Қырғыз республикасының премьер-министрімен кездесті

802

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз республикасының премьер-министрімен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде техникалық көмек көрсету, теміржол тарифтерін сәйкестендіру, азаматтарға қойылатын көші-қон талаптарын жеңілдету салаларындағы мәселелер талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың 2017–2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеудегі елеулі ілгерілеуді атап өтті, ол екі ел арасындағы таяу келешекке бағдарланған стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудың ол картасына айналуы тиіс.

Бұдан өзге, премьер-министрлер екі тараптың қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын межелеу бойынша шартқа қол қоюға әзірлік деңгейін бағалады.

Сонымен қатар екі елдің өңірлік ұйымдардағы, соның ішінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің аясындағы өзара іс-қимылы тақырыптары қозғалды.

Оған қоса, Бақытжан Сағынтаев пен С. Жээнбеков Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде тамыздың соңында өтетін Қырғызстанның ұлттық күнін өткізу барысын талқылады. 

Кездесу соңында Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанды халықаралық көрмені қорытындылайтын Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитіне белсенді қатысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу