Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан елшісімен кездесті

889

Қырғызстанға экспортты кеңейту келешегі қаралды. 

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан елшісімен кездесті

Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Қырғызстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ақылды қалаларды дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, металлургия, азық-түлік саласы, машина жасау, құрылыс материалдары және химия өнімдері секілді салаларда Қырғызстанға экспорт номенклатурасын кеңейту келешегі қаралды. Бұдан өзге, өңіраралық және шекара маңы өзара іс-қимылына қатысты мәселелер қаралды.

Жээнбек Кулубаев елші лауазымына өткен жылдың соңында тағайындалған еді.

Айта кетсек, 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $757,7 млн құрады, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,2% ($687,6 млн) артық. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан экспорт 18,7 пайызға өсіп, $548,9 млн құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу