Әлемдегі ірі инвестициялық және венчурлық компаниялардың бірі Tencent Holding Ltd. штаб-пәтерін аралау кезінде Бақытжан Сағынтаев Tencent Open Platform стартаптарға арналған платформаны дамыту тәжірибесімен, сонымен қатар экономиканың түрлі салаларына арналған жиынтықты технологиялар мен зияткерлік шешімдердің әзірлемелерімен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
Компанияның табысты тәжірибесі Astana Hub халықаралық технопаркі базасында стартап-экожүйені жетілдіру және инновациялық қызметті дамыту тұрғысынан Қазақстанның қызығушылығын тудырады.
Инфокоммуникациялық шешімдерді әлемдегі жетекші жеткізуші Huawei Technologies копорациясының алаңында Қазақстан премьер-министрі қытай компаниясының өз технологиялары мен ноу-хауларды әзірлеу саласындағы қол жеткізген жетістіктерімен танысты.
Қазіргі таңда Huawei корпорациясының 140-тан астам елде 15 өңірлік өкілдігі, 36 бірлескен инновациялық орталығы және 15 зерттеу орталығы бар. Корпорацияның телекоммуникациялық инфрақұрылымға арналған жабдықтарды, сондай-ақ жиынтықты шешімдер мен үлкен деректер жүйесінің инновациялық әзірлемелерін әзірлеудегі тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.
Бүгінде Huawei компаниясының қатысуымен Қазақстанда жоғары технологиялық жобалар ілгерілеп жатыр, олардың қатарында Astana Hub-та зертхананың ашылуын атап өтуге болады. Өзара іс-қимыл перспективалары АТ-университет жұмысының іске қосылуымен кеңейе түспек, онда зерттеу жобалары мен инновациялар саласындағы қытай корпорациясының тәжірибесі мен дағдылары аса пайдалы болмақ.