Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Қытай Халық Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ, экономиканың түрлі салалары мен жоғары технологиялар саласында бірлескен жаңа және қазіргі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, ҚР мен ҚХР арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жаңа драйверіне айналған, "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен "Бір белдеу, бір жол" стратегиясының түйіндесуі аясындағы өзара іс-қимыл тақырыптары қаралды.