Бақытжан Сағынтаев Латвия президенті Раймондс Вейониспен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Айта кетсек, Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн. долл. құраған (экспорт – 93,5 млн. долл., импорт – 32,7 млн. долл.).
2017 жылдың қаңтар-сәуіріндегі сауда айналымы $31,8 млн. (экспорт – $25,3 млн., импорт – $6,5 млн) болды. Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Лондон Ситидің Лорд-мэрі Эндрю Пармлимен кездесті
Кездесу барысында ірі трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл, қаржы қызметтерін, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.