Бақытжан Сағынтаев: Макроэкономикалық ахуал жақсарды

824

Бақытжан Сағынтаев: Макроэкономикалық ахуал жақсарды

Бүгін үкімет үйінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдағы жұмыстардың қорытындысы мен 2018 жылға арналған міндеттер туралы баяндамасында макроэкономикалық ахуал жақсарғанын айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Инфляция 7,1%-ға дейін төмендеді. Мемлекеттік қаржы тұрақтылығының қауіпсіз деңгейі қамтамасыз етілді. Сыртқы қарыз ІЖӨ шаққанда 26% аспайды. Республикалық бюджетке түсім 26,3% көбейді. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалды. Сіздің тапсырмаңыз бойынша базалық әлеуметтік жәрдемақылар өсті. Еңбегі бойынша зейнетақы көлемі 20%-ға дейін ұлғайды. Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы 27%-ға көтерілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады", - деді премьер-министр.
Сонымен қатар, 4 млн адамға жуық адам қатысқан "Болашақтың Энергиясы" ЭКСПО 2017 көрмесін өткізу маңызына тоқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу