Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге қатысты кеңес өткізді

561

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге қатысты кеңес өткізді

Премьер-министр үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорындағы мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында сатып алу үдерісі кезіндегі жергілікті қамтуды дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ премьер-министрдің Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында ескерілген ұсыныстар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға, сонымен қатар келісілген түрде "Атамекен" КҰП-қа бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу