Бақытжан Сағынтаев министрліктерді қайта құру мәселесін бір аптада шешуді тапсырды

938

Бақытжан Сағынтаев министрліктерді қайта құру мәселесін бір аптада шешуді тапсырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Жарлығын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды pm.kz.

Кеңес барысында тиісті министрліктер мен ведомстволарды қайта ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бір апта мерзімде Мемлекет басшысының Жарлығынан туындаған барлық қажетті рәсімдерді аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу