Бақытжан Сағынтаев мұздақ көлдерді аралап шықты

1357

Биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтереді. 

Бақытжан Сағынтаев мұздақ көлдерді аралап шықты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Алматы қалалық ТЖД бастығы С.Әубәкіров және "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары М.Қасеновпен бірге мұздақ көлдерді аралап шықты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары кезінде селден қорғау шаралары мен мұздақ көлдерді босату бойынша бірқатар жұмыстар тексерілді.

Алматы қалалық ТЖД мамандары Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі сел қаупінің автоматтандырылған мониторингтік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында баяндап берді. Биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтереді. Келесі жылы 21 станса салынады.




 



Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу