Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының инфрақұрылымдық даму барысын тексерді

640

Таяу жылдары орталық сумен қамтамасыз етуді 100%-ға дейін жеткізу міндеті тұр.  

Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының инфрақұрылымдық даму барысын тексерді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын тексерді.

Бұл туралы оңтүстік шаһар басшысы Instagram парақшасында:

"Наурызбай ауданының инженерлік және автокөлік инфрақұрылымының ауқымды дамуы ерекше бақылауда. Таяу жылдары орталық сумен қамтамасыз етуді 100%-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Бүгінде ол бар болғаны 30%-ды құрайды. Жұмыс сапары кезінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын тексердім. Тастыбұлақ ықшамауданындағы жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла ықшамаудандарында желілер мен "Қарғалы" су дайындау стансасын салуды жоспарлап отырмыз", – деп жазды.

Сондай-ақ келесі жылы Қонаев көшесін қайта жаңарту (Жандосов көшесінің жалғасы), Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіндегі "Таусамалы" кентіне дейін аяқтау жоспарланып отырғаны, ұзындығы 1,2 шақырым болатын жол 4 жолақты боп кеңейтіліп, тротуарлар мен арық желісі салынатынын сөз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу