Бақытжан Сағынтаев: Пайдасыз мекемелерден құтылу керек

851

Бақытжан Сағынтаев: Пайдасыз мекемелерден құтылу керек

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмысы тиімсіз және жекешелендірілмеген мемлекеттік мекемелерді жабуға тапсырма берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

"90-жылдардан бері пайдасыз мекемелер жинақтала берген, олардан құтылу керек. Бұл оңай шаруа емес. Экономиканы модернизациялау барысында барлығына тік қарауымыз керек: егер ол мекеменің болашағы жоқ болса, онда адамдардың жұмыс істеп жатқанына қарамастан, жабу керек (…). Бізге қайдағы бір түсініксіз компанияларды қайта-қайта субсидиялаудан не пайда, бәрібір олардың өнімдері ешкімге қажет емес", - деді ол Астанада өткен "Атамекен" КҰП IV съезінде.

Сонымен бірге, премьер-министр бұл мекемелердегі жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыру қажеттігін де айтты.

"Бұл адамдарға айлықтарын кешіктірмейтін, жалақысы төмен емес және қандай да бір дау-дамай туындамайтын жерден жұмыс тауып беру үшін ең біріншіден база жасақтау қажет. Олар жұмыс істеп, отбасын асырайтын болады", -  деді Б.Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу