Бақытжан Сағынтаев проблемалы учаскелерді аралады

1406

Қала басшысы аудандағы маңызды мәселелерді жеке бақылауына алатынын айтты.  

 Бақытжан Сағынтаев проблемалы учаскелерді аралады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы проблемалы учаскелерді аралады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Ол алдымен Алғабас ықшамауданына барды. 

"№185 мектептің жанындағы Алдияр көшесін су басқан. Оны шешу қажет. ТЖД көмегімен шұғыл шаралар қабылданады. Инженерлік желілер жүргізілгенге дейін жолдар инертті материалдармен жабылады", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы жеке парақшасында.

Сонымен қатар қала әкімі ықшамаудандағы маңызды мәселерді жеке бақылауына алатынын атап өтіп, тиісті тапсырма берді.

"Тұрғындар айтқан барлық мәселені жеке бақылауыма аламын. Яғни бұл иесіз желілер, көшеге жарық орнату, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды жұмыстар. Ол үшін жұмыс комиссиясы құрылды. Атқарылған жұмыстардың сапасын ықшамауданның белсенді өкілдерінен құрылған қоғамдық бақылау тобы тексереді", - деді ол.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдеріне олармен тұрақты байланыста болуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу