Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджетті сапалы іске асыруды тапсырды

803

Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджетті сапалы іске асыруды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне мемлекеттік қаражаттарды сапалы түрде жүзеге асырумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп уақытылы қаржыландыру және бюджеттік қаражаттарды пайдалану шараларын қабылдауы қажет, сонымен қатар, республикалық бюджетті сапалы түрде іске асыруы керек", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке ала отырып, экономикалық өсім мен нәтижелі жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдығы аграрлық секторды үдемелі дамыту, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамыту, көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік саланы дамытуға берілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу