Бақытжан Сағынтаев сауда орталықтарының қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

557

Бақытжан Сағынтаев сауда орталықтарының қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

Бақытжан Сағынтаев сауда орталықтарын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бүгін ҚР үкіметінің отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртібіндегі мәселелерден тысқары, Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғаны еске сала кетті.

"Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президентіне ресми түрде көңіл айтты. Біз бұдан сабақ алуымыз керек", — деді ҚР премьер-министрі.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігіне және өртке қарсы қызметтерге әкімдермен бірлесіп барлық сауда орталықтарына тексеру жүргізіп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу