Бақытжан Сағынтаев Семейде 25 мыңнан астам адамды баспанамен қамтитын жобамен танысты

2355

Мұнда әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынбақ. 1200 орындық екі жалпы білім беретін мектеп, 370 орындық үш балабақша, 150 орынға шақталған балаларды оңалту орталығын, дене шынықтыру–сауықтыру кешенін және т.б. салу көзделген. 

Бақытжан Сағынтаев Семейде 25 мыңнан астам адамды баспанамен қамтитын жобамен танысты

Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Премьер-министрге 25 мыңнан астам адамды баспанамен қамтамасыз ететін "Ақсай" тұрғын үй алабы жоспарының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Семей қаласында салынып жатқан "Қарағайлы" шағын ауданы қаланың оң жағалауының солтүстік бөлігінде, экологиялық таза бос аумақта, 787 мың м² тұрғын үй қорымен 200 мың гектар ауданымен жобаланған.

Мұнда әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынбақ. 1200 орындық екі жалпы білім беретін мектеп, 370 орындық үш балабақша, 150 орынға шақталған балаларды оңалту орталығын, дене шынықтыру–сауықтыру кешенін және т.б. салу көзделген. "Абай Арена" мәдени-спорт кешенінің жобасы спорт залы, 5000 көрермен орны бар 3 қабатты ғимарат түрінде жасалған. Кешенде бассейндер мен түрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған бөлмелер болады.

Сонымен қатар, облыс әкімі Даниал Ахметов "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру аясындағы өңірдің басқа да инфрақұрылымдық жобалары туралы баяндады.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй құрылысына 18,6 млрд теңге инвестиция бағытталған. 195,1 мың шаршы метр немесе 1823 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 629-ы — жеке тұрғын үйлер. 2018 жылы баспананы пайдалануға беру жоспары 8%-ға өсіп, 410,5 мың м² құрады. Бұдан әрі көлемдер ұлғайтылмақ — 2021 жылы 517,1 мың м² құрайды. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін, облыста 2018–2020 жылдары 184 үй (15 905 пәтер) салу көзделген. Қазіргі таңда 81 көппәтерлі тұрғын үй (6 497 пәтер) салынып жатыр, оның 45-ін (3576 пәтер) биыл пайдалануға беру жоспарда бар. 2018 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізумен Өскеменде 54 жеке үй (5,1 мың м²) және Семейде 50 жеке үй (5 мың м²) құрылысы басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу