Бақытжан Сағынтаев Сербия Премьер-Министрімен кездесті

886

Бақытжан Сағынтаев Сербия Премьер-Министрімен кездесті

Астанада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев Сербия Премьер-Министрiнiң сапары аясында көптеген маңызды мәселелер талқыланып жатқанын атап өттi.

"Сiзге бiздiң ел ұнағанын байқап отырмыз. Кеше Астана туралы жылы лебiзiңiздi бiлдiрдiңiз. Бүгiн шағын құрамда көптеген мәселелердi талқыладық. Бұл сұрақтарды бiздiң елдердiң мемлекет басшыларының тапсырмасы аясында қарастыру қажет. Қазақстан Президентiнiң Сербияға жасаған сапарынан кейiнгi хаттама бар. Арнайы iс-шаралар жоспары жасалды, министрлiктер мен ұлттық компаниялар барлық тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс атқарып жатыр", – дедi Үкiмет басшысы.

Өз кезегiнде Сербия премьер-министрi Александр Вучич Қазақстан тарапынан көрсетiлген құрметке алғысын бiлдiрiп, екi елдiң ынтымақтастығы дами түсетiнiне үмiт бiлдiрдi.

"Сербия Қазақстанның ұстанымдарын, Президентiн құрметтейдi. Қазақстан ЮНЕСКО-да бiздiң мәдени мұрамызды сақтауға қолдау көрсеттi. Қазақстан мен Сербия арасында достық қарым-қатынас орнап отыр. Осы ынтымақтастығымыз одан әрi нығая түсетiнiне сенiмдiмiз. Сербия Қазақстанмен шынайы достастықты жоғары  бағалайды", – дедi ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу