Бақытжан Сағынтаев АЭФ-те әлемнің әр түкпірінен келген шетелдік меймандарды қазақ еліне жіті көңіл аударуға үндеді, деп хабарлайды abctv.kz.
Үкімет басшысының айтуынша, дәл біздің ел әлемге өнеге-тағылым бола алар өркендеудің жаңа тәжірибесін бастап отыр.
"Технологиялық, экономикалық жаңғырумен бір мезгілде Қазақстан рухани жаңғырады. Әйтпесе, адами капиталды кешенді түрде дамытпай, қоғамдық сананы жаңғыртпай, елдің лайықты модернизациялануы да мүмкін емес. Бұл мүлдем жаңа даму стратегиясы болып табылады. Оны біздің елбасы ілгерілетуде. Бұдан бөлек, Қазақстан президенті тапсырмасы бойынша бес әлеуметтік бастаманы қолға алып, әлеуметтік қолдаудың жаңа сатысына шығудамыз", – деді Бақытжан Әбдірұлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу