Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Швейцарияның төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмидпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында Швейцариямен энергетика, фармацевтика, білім беру, көлік және қаржы салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Премьер-министр Швейцарияның елеулі транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті.
Айта кетсек, Швейцария Қазақстанмен сауда айналымының көлемі бойынша Еуропа елдері арасында 4-орында (Италия, Нидерланды және Франция елдерінен кейін).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу