Бақытжан Сағынтаев СҚО-да азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты

722

Бақытжан Сағынтаев СҚО-да азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өңірде индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Атап айтқанда, "Радуга" ЖШС жеке индустриялық аймағының аумағындағы азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық процесі тексерілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ жеке индустриалды аймақтың қазіргі жағдайы мен даму келешегі туралы баяндалды. О

блыста барлығы үш жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 16,1 млрд теңгені құрайтын 27 жоба іске асырылып, 749 жұмыс орны ашылды. Бұл өнеркәсіптік өндіріс көлемін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 2,7 есе өсуіне жол ашты.

Жеке индустриялық аймақ аумағында Бақытжан Сағынтаев ИИДМБ аясында жүзеге асырылған "Рим-ҚазАгро" ЖШС-ның жылдам дайындалатын азық-түлік өнімдері өндірісін ұйымдастырудың технологиялық процесімен және өндірістік желілерімен танысты.

Сонымен қатар, пемьер-министр металл-пластиктен жасалған бұйымдарды өндіру цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның жоспарларында, сондай-ақ, 10 млрд теңгеге жуық сомаға тағы 14 жобаны іске асыру жұмыстары бар, ол 300-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және жаңа өндірістерді игеруге жол ашады. Бұл пластиктен жасалған бұйымдар, жуғыш заттар, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз, дымқыл майлықтар және т.б.

Жалпы, республика бойынша 38 индустриялық аймақты ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 7-і салынып жатыр, 9-ы іске асырылу сатысында (техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу, мемлекеттік сараптама жүргізу және т.б.).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу