Бақытжан Сағынтаев танымал тиктокерлермен онлайн кездесу өткізді

704

Алматы әкімі дарынды жастардың көмегімен шаһардағы кретивті индустрияны дамытпақ. 

Бақытжан Сағынтаев танымал тиктокерлермен онлайн кездесу өткізді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев танымал қазақстандық тиктокерлермен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жетекші алматылық тиктокер және продюсерлермен танымал жастар бағытын қолдау мен оны дамыту мәселелерін талқыладық. Креативті индустрияны дамыту стратегиясы аясында дарынды жастардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасайтын боламыз. Алматылық тиктокерлердің табысы — өз алдына бір бөлек әңгіме. Біздегі Хаустар 10 мың адамның ішінен бүкіл әлем бойынша 2-3 орын алады. Танымал тиктокерлер мен продюсерлер тәжірибе алмасуға, дамуға, сондай-ақ жаңадан келгендердің шығармашылығын монетизациялауға көмектесуге дайын. Біз өз тарапымыздан жайлы жағдай жасауға немесе бейнебаян түсіруге ыңғайлы орын ұсыну бойынша қолдау көрсетеміз", – деді шаһар басшысы онлайн кездесу барысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу