Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, трансшекаралық суды пайдалану, азаматтық авиация, көші-қон, денсаулық сақтау, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны кеңейту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, өңіраралық қатынастардың перспективалық бағыттары, Қазақстан мен Тәжікстанның іскерлік құрылымдары арасындағы тікелей байланыстар, сондай-ақ екі елдің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мәселелері қаралды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        