Бақытжан Сағынтаев орталығы ауысып жатқан өңірге барды

714

Бақытжан Сағынтаев  мемлекеттік органдарды Түркістан қаласына көшіру барысымен танысты.

 Бақытжан Сағынтаев орталығы ауысып жатқан өңірге барды

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды көшіру барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарын Түркістан қаласынан бастады. Мұнда әкімшілік ғимараттардың құрылысы салыну уақытында (2020 ж. дейін) мемлекеттік органдар орналасатын коммуналдық меншік және коммерциялық нысан ғимараттарына барды.

Аралау барысында премьер-министрге орын ауыстыру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқаны баяндалды — 27 жергілікті атқарушы органның 22 басқармасы ауысты, сонымен қатар 14 аумақтық орган өкілдері бүгінде Түркістанда қызмет көрсетуде. Келесі жылы барлық ведомстволарды көшіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған: облыс әкімдігі, 24 салалық басқарма, мәслихат аппараты, тексеру комиссиясы. Бұдан өзге, тоғыз бюджеттік ұйым көшіріледі. Бірінші кезеңде 842 адам ауысады, қалада олар орналасатын ғимараттар анықталған, қажетті коммуникациямен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге жатақханалардан орындар дайындалған.

Мектеп-интернат ғимаратында 10 аумақтық орган орналасқан, бұл  — "Департаменттер үйі". Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Нүкенов өңірде білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылып жатқанын жеткізді. Бұдан өзге, сегіз жергілікті атқарушы органдар көшірілген бұрынғы "Әмина" клиникасының ғимараттары және бес мемлекеттік органға арналған "Версаль" ойын-сауық кешені тексерілді.

Бақытжан Сағынтаев тарихи-мәдени этнографиялық орталықты тексеру барысында Түркістан облысы мәслихаты мен әкімінің аппаратын орналастыру жағдайымен танысты. Облыстық музейде Қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасы жобасының таныстырылымы өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу