Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

1592

Сапар барысында Алматы қаласының басшысы  құрылысшылармен кездесіп, Алматы қаласына бекітілген 14-сектордың жауаптыларына құрылыс қарқынын жылдамдатуды, бекітілген кестеден кешіктірмей шұғыл түрде өткізуді тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бақытжан Сағынтаевпен бірге Алматы бюджеті есебінен салынған нысандардың сапасын тексерді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Алдымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде Алматы қаласы жауапты 14-секторда 531 нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 503-і жөндеу жұмыстарын қажет етсе, 28 үйдің қабырғалары толықтай сүріліп, жаңадан салынуда. Қалпына келтіру жұмыстарына – 5 компания, 300-ден астам құрылысшы тартылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысындағы Медиа орталықтың құрылыс алаңында болды. Алматы қаласы әкімдігінің Түркістанға тартуы қаланың жаңа әкімшілік және іскерлік орталығындағы құрылысы бітуге жақындаған алғашқы нысандардың бірі. Медиа орталықта облыстық телеарналар мен газеттердің,  радиолардың редакциялары және республикалық БАҚ өкілдіктері орналасып, жан-жақты ақпарат тарататын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу