Бүгін үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының елшісі Невзат Уяныкпен кездесті, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамыту, бірлескен индустриялық аймақтар құру, сонымен қатар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне түрік инвестициясын тарту мәселесі талқыланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу