Бақытжан Сағынтаев Түркия президентін салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты

755

Бақытжан Сағынтаев Түркия президентін салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының президенті Режеп Ердоғанның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Түркия президентінің лауазымына Режеп Тайип Ердоғанның кірісу рәсіміне 22 мемлекеттің басшылары, 28 премьер-министр мен парламент спикерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 6 хатшысы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Елдің қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған президенттік сайлауда 100% бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады — 26,3 млн-нан астам дауыс 52,59%. Парламенттік сайлауда Ердоған басқаратын Әділдік және даму партиясы ең көп дауыс жинады. Жалпыұлттық дауыс беру елдегі мемлекеттік басқару формасын өзгертті, Түркия парламенттіктен президенттік республикаға айналды.

2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28% өсіп, $1,876 млрд құрады, ал экспорт — $1,146 млрд тең болды. Осы жылдың қаңтар-наурыз аралығында тауар айналымы $412,9 млн құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу