Бақытжан Сағынтаев Үлбі металлургия зауытының жұмысымен танысты

714

Бақытжан Сағынтаев Үлбі металлургия зауытының жұмысымен танысты

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлбі металлургия зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаевқа сыйымдылығы жоғары конденсаторлы тантал ұнтақ өндірілетін корпус қызметі таныстырылды.

Бүгінде ҮМЗ әлемге әйгілі уран және тантал өнімдерін өндіреді. Кәсіпорын "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Зауыт өнімін экспорттаушылар Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция, Аустрия.

Кәсіпорын ядролық отынды қайта өңдеумен айналысады, сирек кездесетін металл және шала өткізгіш материалдарды, химия өнеркәсібі үшін минерал шикізаттарын және тыңайтқыштарды, басқа да негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндіреді. Негізгі өнім түрлерінен жылына 6 900 тонна өнім өндіреді. Кәсіпорынды одан әрі жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жаңа технология енгізіліп, индустрияландыру бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатқан Үлбі металлургия зауыты өңірдегі ғана емес, еліміздегі жаңа экономикалық өсім үлгісінің негізіне айнала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу