Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

1000

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Бүгін Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасымен премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының облыс мәслихатының депутаттарына бағытталған, Жамбыл облысының әкімі қызметіне Асқар Мырзахметовты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Бұдан кейін ҚР премьер-министрі мен президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысының активімен кездесіп, жиын барысында жаңа әкімді таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу