Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

842

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев елбасының шағын несие беруді кеңейту, салық амнистиясын жүргізу, халық табысының өсуі, әкімшілік кедергілерді қысқарту, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау, тариф қалыптастыру айқындығын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру, бизнес жүргізудің өзекті мәселелерін және алдағы перспективаларды талқылау мақсатында өңірдің кәсіпкерлер қауымымен кездесті, деп хабарлайды priememinister.kz.

Президент Жолдауында 01.01.2019 ж. бастап шағын және орта бизнес үшін "салық амнистиясын" жүргізуге көшу тапсырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 89 мыңнан астам ШОБ субъектісінің 331,8 млрд теңге көлеміндегі қарызы бар. Өсімпұл сомасы 121,2 млрд теңге, айыппұлдар — 6,9 млрд теңге. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында негізгі қарызды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізетін болады. 

Премьер-министр кәсіпкерлердің назарын қарапайым заттар экономикасына, өңірдегі әлеуметтік экономика мәселелеріне аударды. Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысы үшін маңызды болатын жобаларды тауып, оларды дамыту қажеттігін айтты. Бұл мәселе облыс деңгейінде шешілуге тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу