Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының орталығына барды

629

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының орталығына барды

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Тараз қаласындағы жаңа 15-ықшам ауданды аралап көрді, мұнда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер құрылысы мысалында өңірде тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Нысанды аралау кезінде премьер-министр ге жаңа ықшам ауданда биыл 10 үйдің (800 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланғаны туралы баяндады. Тұрғын үйлер президенттің "Бес әлеуметтік бастама" үндеуінде айтылған "7–20–25" бағдарламасы бойынша сатылатын болады. Бұдан өзге, тұрғын үй алабында жеке құрылысы салушылар 205 типтік жеке тұрғын үйлер салып жатыр, олардың құрылысы да жыл соңына дейін аяқталады.

Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы өңірде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 32 тұрғын үй мен 37 инженерлік инфрақұрылым жобасын салу үшін барлығы 13 млрд теңге бөлінген. Оның игерілуі қазір 96% құрап отыр. Нәтижесінде 10 айда 448,3 мың м² тұрғын үй тапсырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 8,4%-ға жоғары.

Облыс әкімінің орынбасары Е. Дауылбаев сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен бастапқы жарнаның 10% субсидиялау тетігін енгізгенін хабарлады. Жалпы, бағдарлама биыл облыста үй кезегінде тұрғындардың 30% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу