Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті

748

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті Фото: ашық дереккөз

Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 ақпанда Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы одақ мемлекеттерінің басшылары 25 желтоқсанда бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысын бастады. 

"Бүгіннен бастап ЕЭК Алқасының Төрағасы Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітілді:

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гохар Барсегян;

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян;

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович;

ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов;

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Әлішеров;

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев;

ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;

ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу