Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

811

Алматының бұрынғы әкімі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасында жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

"Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Бекетаев Руслан Бақытжанұлының тағайындалуы бойынша белгіленген өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып тағайындалсын", - деп жазылған ЕЭК сайтында.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі 2022 жылғы 23 мамырда қабылданды. 

Сол күні Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Қазақстан Республикасынан келген мүшесі Руслан Бекетаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Құжаттар 31 мамырда күшіне енді.

Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу