Бақытжан Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

988

Ол ЕуроАзиялық Ынтымақтастықтың қаржы-бизнес қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп жазады inbusiness.kz.

Бақытжан Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

Ұйымның сайтында хабарланғандай, 2022 жылғы 10 тамызда ЕуроАзиялық Ынтымақтастықтың қаржы-бизнес қауымдастығы мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Бақылау кеңесінің Төрағасы болып Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Бақытжан Сағынтаев сайланды.

Сонымен қатар жиналыста қауымдастықтың жаңа президенті болып SLC-Rus корпорациясының (Қытай) негізін қалаушы және басшысы Ли Шобин мырза сайланды.

"Қытайда біздің көшбасшымыз Си Цзиньпин мырзаның әлемдік деңгейде елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған "Бір белдеу, бір жол" ұстанымы бәрінің де есінде. ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың қаржы-бизнес қауымдастығы өзінің құрылымы, мақсаттары мен міндеттері бойынша осы қағидаттарға толық сәйкес келеді. Себебі қауымдастық негізгі өңірлердегі бизнесті біріктіру бағытында жұмыс істейді. Бұдан бөлек қауымдастық мүшелері мәдениет және ғылым саласындағы жобалардың дамуына да ықпал етіп жатыр. Мұнай сервистік компаниясының басшысы бола тұра елдер арасындағы медицина, білім және өнер саласындағы байланыстарды тереңдету керек деп есептеймін. Бұл қауымдастыққа кіруіме және оны басқару туралы ұсынысты қабылдауыма әсер етті", – деді қауымдастықтың жаңа президенті.

Бүгінде қауымдастық кәсіпкерлердің қаржылық-банктік және іскерлік одақтарын, коммерциялық ұйымдар мен банктерді, Еуразияның 26 еліндегі қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктерді біріктіреді. Негізгі мақсатына Еуразия елдерінің аумағында ұлттық нарықтарға қатысушылардың – қауымдастық мүшелерінің тиімді кәсіпкерлік қызметіне қолайлы жағдай жасауда олардың қажеттіліктерін іске асыру кіреді. 

Айта кету керек, ЕуроАзиялық Ынтымақтастықтың қаржы-бизнес қауымдастығы 2013 жылғы 11 қыркүйекте құрылды.  Қоғамдық үкіметтік емес ұйым 2020 жылдың наурызына дейін "ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығы" деп аталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу