Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа министр - Мәдина Әбілқасымованы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Тамара Дүйсеноваға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, оның ведомство құрылымында қатардағы маманнан министр лауазымына дейін жеткенін және мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидатының айқын үлгісі екенін атап өтті. Тамара Дүйсенова халықты әлеуметтік қорғау саласында реформаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға тікелей атсалысқан. Бақытжан Сағынтаев Тамара Дүйсеноваға қызметте сәттілік тіледі.
Бақытжан Сағынтаев жаңа министрге және министрлік ұжымына мемлекет басшысының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына жолдауында, сондай-ақ үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерін орындау бойынша тапсырмалар берді.