Бақытжан Сағынтаев жекешелендірудің бекітілген кестесін сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды

647

Бақытжан Сағынтаев жекешелендірудің бекітілген кестесін сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында жекешелендіру бағдарламасын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Премьер-министр жекешелендіру нысандарын өткізудің жаңа кестесі қайта бекітілгенін, сондай-ақ әр нысан бойынша жол карталары оларды өткізудің нақты мерзімдерімен мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілгенін айтып өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға және холдингтерге бекітілген кестені нақты сақтауды қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ бүгін мемлекеттік меншікте қалуы тиіс нысандар тізімін жасауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған қоса "Yellow Pages" қағидаларына сай келмейтін жүзден астам нысан жекешелендірілуі тиіс нысандар тізіміне қосымша енгізіледі. Мемлекет меншігіндегі қалған нысандар жабылуы немесе қайта ұйымдастырылуы тиіс.

Осыған байланысты премьер-министр мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және ұлттық холдингтерге биылғы жылдың соңына дейін жұмысты аяқтауды тапсырды.

Бұдан өзге Бақытжан Сағынтаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы мемлекеттік қатысуы бар барлық нысанды оларды бәсекелес ортаға беру мақсатында түгендеуді тапсырғанын еске салды.

Ұлттық экономика министрлігі жүргізген жұмыс қорытындысы бойынша бәсекелес ортаға беруге тиісті нысандардың тізімі өзектендірілді. Сол себепті жауапты мемлекеттік органдарға осы бағыттағы алдағы жұмысты бақылауда ұстау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу