Үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында өткен отырыс барысында 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басым бағыттары талқыланды, сонымен қатар аграрлық ғылым саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді іске асыру және индустриялық инновациялық қызмет саласындағы жобаларды коммерцияландыруға грант беру мәселелері қаралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу